back-image
КГУ "Школа-лицей имени Шокана Уалиханова"
Организации> КГУ "Школа-лицей имени Шокана Уалиханова"
“Менің Отаным- Қазақстан!”
12-06-2024 11:08
“Менің Отаным- Қазақстан!”

2024 жылдың 12 маусымында Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің “Шоқан Уəлиханов атындағы мектеп-лицейі” КММ- нде жазғы тілдер мектебі кезінде 7”В” сынып оқушылары арасында “Менің Отаным- Қазақстан!” тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға деген құрметті жəне сүйіспеншілікті тəрбиелеу.
Сабақ мұғалімнің кіріспе сөздерімен басталды, біздің Отанымыз туралы мəліметтер айтты. Оқушыларға тыңдалған мəліметтер бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар біздің Отанымыз туралы білген мəліметтерді айтты. Содан кейін оқушылар “Біз Қазақстанның болашағымыз” тақырыбында диктант жазды, “Менің Отаным- Қазақстан!” тақырыбында суреттер салды.
Жасалған жұмыстары тексеріліп, қорытындысы шығарылды.
Жауапты: қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалім Р.С.Кадауова.

Новости