
24.11.2022 жылы Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясында Роза Бағланованың 100 жылдығына орай музыка пәнінің мұғалімі Бақтыбай Жансая мен тәлімгер Онғарғанқызы Фаризаның ұйымдастыруымен "Ақмаңдайлымды әуелеткен ән падишасы-Роза" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шараға 5-7 сынып оқушылары, Дидар үлгілі би ансамблі қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Роза Бағланованың әндері шырқалып, соғыс даласынан көрсетілім қойылымы өтті. Қазақтың бұлбұл әншісін ұрпақтан ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен іс-шаралар легі жыл бойына жалғасын таппақ!