Математика адам өмірінде

23.01.2023 күні 6 «Ә» сыныбында математика апталығының жоспарына сәйкес «Математика адам өмірінде» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты : Оқушыларды математика саласындағы жаңалықтармен таныстыра отырып, математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындырып , оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.
Оқушылардың ойлау, көріп-тану,есте сақтау қабілеттерін дамыту, математиканың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру. Сандарды қолдану, айналамыздың барлығы математикадан тұратындығын түсіндіру. Оқушылар математиканың өмірде алатын орны туралы ой қозғап, өз пікірлерін ортаға салып, бөлісті. Сынып жетекшісі Тилегенова А.Е