Математика менің отбасымда
26.01.2023 жылы Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясында Математика айналамызда апталығы аясында "Математика менің отбасымда" отбасылық викториналық сайысы өтті. Сайысқа мектеп-гимназия мұғалімдері балаларымен қатысты. Отбасы мүшелері бірнеше кезеңнен тұратын сайыста математикалық есептер, логикалық тапсырмалар орындап сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша әр отбасы номинациялармен марапатталды.
Білімді отбасы-Тлешовтар отбасы
Ұшқыр ойлы отбасы-Асатовтар отбасы
Ынтымағы жарасқан отбасы-Миятбектер отбасы
Белсенді қатысқан отбасының балалары да марапқа ие болды
Шарападин Камшат-Тлешовтар отбасы
Асатов Жандаулет-Асатовтар отбасы
Миятбек Еркем-Миятбектер отбасы