back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
2-ші мектептің жазғы маусымындағы іс-шаралар
03-07-2023 13:53
2-ші мектептің жазғы маусымындағы іс-шаралар

Бүгін, 3 шілде күні, «Жайдарлы жаз» атты лагерьдің екінші ауысымың ашылуы өтті. Балалар ойын-сауық бағдарламасына қатысып, лагерь тәрбиешілерімен танысып, «Танысайық» эмблема байқауына қатысты. Мереке таза ауада ойындармен аяқталды.

4 шілде күні «Жайдарлы жаз» жазғы мектеп лагерінде «Елорда күні» мерекесіне арналған «Туған жеріңді сүй, біл» атты ойыны өтті. Балалар ойынға белсене қатысып, пікір алмасып, талқылап, сұрақтарға жауап берді. Ойын барысында балалар елорданың тарихи ғимараттары мен ескерткіштерін еске алды. Ойын соңында мұғалімдер «Астана деп соққан жүрегім» атты сурет байқауын өткізді. Қорытындылай келе қазылар алқасы өз бағасын беріп, барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

«Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерінің тәрбиешілері "Туған жолдармен" Абай қаласы бойынша және мұражайға саяхат ұйымдастырды

10 шілдеде "Ізгілік шуағы" апталығы аясында «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерінің бастығы О.В.Тимофеевамен "Ізгілік жолымен" клубының жұмысы ұйымдастырылды. Клубтың мақсаты: балаларды ізгі істер істеуге, басқа адамдарға жақсылық жасауға шақыру. Балалар клубта жұмыс істей отырып, өте көп ізгі істер жасады: гүлдер суарып, құстарды тамақтандырып, қоқыстарды жинады.

☀️12 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде адамгершілік және рухани қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жоспары аясында тәрбиешілермен «Мейірімділік сыйлайық» сайысы өткізілді. Балалар бұл тақырып барлық уақытта өзекті екен деген тұжырымға келді. Мейірімді адам қиын уақытта көмекке келуге дайын, табиғатты сүйеді және оны қорғайды, адамдармен қарым-қатынаста әдепті және инабатты болуға тырысады. Балалар «Қайырымдылық - асыл қасиет» акциясына қызығушылықпен қатысып, «Ізгілік мекені» фотокөрмесін ұйымдастыруға ат салысты.

 

????13 шілде күні ???? ☀️«Жайдарлы жаз»☀️ мектеп жанындағы лагерьде тәрбиешілермен «Біз ізгі істерді қолдаймыз» атты көңілді мәрелер ұйымдастырылды. Балалар қызығушылықпен сумен ойналатын «Су тасығыштар», «Суды төкпе», «Теңіз түбіндегі қазыналар» және тағы басқа сайыстарға қатысты. Олар ыстық ауа-райында сумен ойнағанды, атысқанды өте жақсы көреді. Сумен ойын - балалардың ең сүйікті ойындарының бірі. Содан кейін балалар «Мейірімділік әліппесі» сурет сайысына қатысты. «Көшедегі және үйдегі қауіпсіздік» тақырыбына әңгіме жүргізілді. Балалар көшеде және үйде төтенше жағдай болса, не істеу керек екенін қайталап шықты. Күн таза ауадағы ойынмен өз мәресіне жетті.

☀️14 шілде күні ☀️ ✨«Жайдарлы жаз»✨ мектеп жанындағы лагері Абай қаласының өрт сөндіру бөліміне саяхат жасады. Саясаттың мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру болды. Балалар өрт сөндіруші мамандығы туралы көп ақпарат біліп, жаңа білім мен жағымды эмоцияларға ие болды.

2023 жылдың 17 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде «Жаттығуға тұрыңдар!» флэшмобынан басталды. Балалар күн бойына күш қуатын алды. Содан соң тәрбиеленушілермен «Суда мұқият бол!» әңгімесі жүргізілді. Балалар жазғы уақытта судағы қауіпсіздік ережелерін және суда жазатайым оқиғаны қалай болдырмау керек екенін есіне түсірді. Күн соңында командалар арасында мини-футболдан жарыс өткізілді

Бүгін, 2023 жылдың 18 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде балаларға өте қызықты болды. Күн көңілді жаттығулардан басталды, өйткені, жаттығу - балалардың өсіп келе жатқан ағзасы үшін қозғалыс тәртібінің маңызды құралдарының бірі болып табылады. Содан соң балалар «Менің ауламдағы спорт» жобасына қатысты. Балалар лагерь алаңында әртүрлі қозғалмалы ойындар ойнады. Тәрбиеленушілер уақыттарын денсаулыққа пайдамен таза ауада өткізді. Күн соңында балалар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» суреттер сайысына қатысты.

2023 жылдың 19 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде тәрбиешілермен салауатты өмір салты жайында «Мен СӨС қолдаймын» әңгімесі жүргізілді. Сонымен қатар «Бала квест» ойыны ұйымдастырылды. Балалар денсаулық сақтау құпияларын іздеуге қызықты саяхат жасады. Картада көрсетілген маршрут көмегімен балалар бекеністер бойынша саяхаттап, әртүрлі тапсырмалар орындады. Ойын шын ықыласты, достық жағдайда өтті. Барлық қатысушылар керемет сергектік қуатын алып, көп жағымды эмоцияларға ие болды. Лагерь тәрбиеленушілері күннің екінші жартысында дойбыдан сайысқа қатысты. Дойбы ойыны тыныштық пен зейінді талап етеді. Қатысушылар дойбы тақтасында адал жекпе-жекте жарысты. Ең мықтылар жеңімпаз атанып, мақтау қағаздарымен марапатталды.

2023 жылдың 20 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде тәрбиешілер «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» апталығы шеңберінде ұлттық спорт ойындары бойынша сайыс өткізді. Балалар спорттық ойындарға белсене қатысты. Қазақ халқының қандай ұлттық ойындары бар екенін білді. «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Аударыспақ», «Айгөлек» сияқты ойындарды үлкен қызығушылықпен ойнады.

 

21 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерь балалары Абай қалалық ашық бассейніне барды. Тәрбиеленушілер суға түсті, ойнады және жүзді. Суға түскеннен кейін әрқашан көтеріңкі көңіл күй болады. Суға түсудің тиімділігі балалардың қуанышы мен судағы көңілді бос уақыты болып табылады. Бассейндегі ойындар балаларға көп жағымды эмоция сыйлады. Денсаулық сақтаудағы тағы бір көмекші - ол қозғалыс. Балалар «Көңілді сөре» спорттық сайыстарына үлкен қызығушылықпен қатысты. Жүгіру, секіру, қозғалмалы ойындар және эстафеталар адамның денсаулығын нығайтып, оны епті, күшті және шапшаң етеді.

2023 жылдың 22 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде тәрбиешілер балалармен «Лас қолдардың аурулары» әңгімесін жүргізді. Әңгіменің мақсаты жұқпалы ішек ауруларының алдын алу болды. Денсаулық марафоны шеңберінде лагерь тәрбиеленушілері стадиондағы жаттығу алаңына барды. Даладағы спорттық жаттығу құрылғылары қала тұрғындары, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында үлкен сұранысқа ие. Таза ауадағы жаттығулар қолайлы және тиімді. Балалар уақытты таза ауада, денсаулыққа пайдамен көңілді өткізді.

24 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде өткізілетін іс-шаралар жоспары шеңберінде «Көше және жол ережелері» әңгімесі жүргізілді. Балаларға жол жүру ережелері бойынша бейнеролик көрсетілді. Іс-шаралар барысында балалар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды белсенді орындап, күн соңында жол белгілерінің суреттерін дайындады. Содан соң лагерь тәрбиеленушілері Абай қаласының тігін фабрикасына саяхат жасады. Күннің екінші жартысында лагерьде әртүрлі материалдардан «Шебер қолдар» қолдан жасалған бұйымдар сайысы өтті. Балалар өз жұмыстарында бар шығармашылықтары мен қиялдарын көрсетті.

25 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерьде тәрбиешілермен «Қауіпті ойыншықтар» әңгімесі жүргізілді. Мақсаты: лаңкестіктің мәнін түсіндіру, балаларды белгісіз заттарды алмауға үйрету, өйткені олар өмірге қауіпті болуы мүмкін. Балалар шығармашыл идеялар зертханасының сабақтарында эксклюзивті ашық хаттар жасауды үйренді.«Hand-made» шығармашыл зертханасындағы жұмыс - шығармашылықты, ақыл-ой қабілеттерін, эстетикалық талғамды, сонымен қатар қатысушылардың құрылымдық ойлауын дамытудың тамаша құралы.

26 шілде күні «Жайдарлы жаз» мектеп жанындағы лагерінің екінші кезеңі мәресіне жетті. Балалармен қызықты ойындар, «Жаз бояулары» челленджі және жазғы дискотека өткізілді. Күн соңында балалар мектеп жанындағы лагерьдің екінші кезеңіндегі демалыс туралы өз пікірлерін қалдырды. Екінші кезең бойына белсенді жұмысы үшін балалар мадақтамалармен марапатталды. Жақсы жазғы демалыс және тамаша көңіл күй тілейміз!

Новости