1 тамыз күні Н.Әбдіррв атындағы ТМ (РО) -нда "1 - сынып оқушыларына арналған мектеп" жұмысын бастады. Сабақты Сапегина Ольга Владимировна жүргізеді. Барлық сабақтар ойын түрінде өткізіледі. Оқушылар мектеп және мектептің басты ережелерімен танысты. Балалар есептеу, тапсырмаларды үлгі бойынша орындауда және көңілді әуен арқылы жаттығулар жасауда жақсы нәтижелер көрсетті
2 тамызда «Бірінші сынып оқушыларына арналған мектепте» балалар «Первый, последний, посередине» ұғымдарымен танысты. Сондай-ақ, реттік және кері санау білімдерін бекітті. Оқушылар тапсырмаларды дәптерде және карточкаларда орындады. Олар, сондай-ақ, баланың миының кешенді дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін сергіту және әртүрлі нейрожаттығуларын орындады.
«Бірінші сынып оқушыларына арналған мектепте» балалар «Әріптер мен дыбыстар» еліне барып, «А» әрпімен және «а» дыбысымен танысты. Сондай-ақ, мұғалімнің көмегімен «бірдей», «көп», «аз» ұғымдарын бекітті. Оқушылар тапсырмаларды дәптерде және карточкаларда орындады. Олар, сондай-ақ, баланың миының кешенді дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін сергіту және әртүрлі нейрожаттығуларын орындады.