
2025жылдың 24-ақпанында «Н. Әбдіров атындағы ТМ (РО)» КММ-нде мектепішілік пәндік онкүндік шеңберінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туракбаева У.Б. 2-сыныптар арасында «Ұлттық ойындар» тақырыбында ашық сабақ берді. Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы батыл, тапқыр болуға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері мен АКТ үлестірме материалдар, көрнекіліктер қолданылды. Оқушылар сабаққа өте жоғары белсенділікпен қатысты. Сабақ мақсаттары орындалды.