
Қарқынды дамып келе жатқан әлемде табиғат біздің қорғауымызды қажет етеді. Оның ең осал тұрғындарының кейбірі құстар - экожүйеде маңызды рөл атқаратын әдемі, сымбатты тіршілік иелері. «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында 3 «А» сыныбында «Құстарды қорғайық – табиғатты аялайық» атты челлендж өтті. Балалар сурет салып, тақпақтар оқып, табиғатты қорғау, құстарға көмектесу туралы әңгімеледі. Өйткені, біз бірге әлемді жақсы орынға айналдыра аламыз.