Бүгін Нұркен Әбдіров атындағы ОБС (ОҚ) КММ-нің 5 «Б» сыныбында біздің біліміміз, дамуға деген ұмтылысымыз, жеке жетістіктеріміз Отанымыздың болашағына қандай үлес бола алады деген маңызды тақырыпқа арналған «Білім-Отаныма» сынып сағаты өтті.

Бүгін Нұркен Әбдіров атындағы ОБС (ОҚ) КММ-нің 5 «Б» сыныбында біздің біліміміз, дамуға деген ұмтылысымыз, жеке жетістіктеріміз Отанымыздың болашағына қандай үлес бола алады деген маңызды тақырыпқа арналған «Білім-Отаныма» сынып сағаты өтті. Балалар оқудағы, спорттағы, шығармашылықтағы жетістіктерімен мақтанышпен бөлісті. Шынайы ойларға, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкен армандарға толы үздік эсселер оқылды. Отанға деген сүйіспеншілікпен біз үлкен мақсаттарға жол бастаймыз!