«Көңілді жаз» мектеп жанындағы лагерьде «Ыстық соғудан сақтан» атты профилактикалық әңгіме, нұсқау өткізілді.

«Көңілді жаз» мектеп жанындағы лагерьде «Ыстық соғудан сақтан» атты профилактикалық әңгіме, нұсқау өткізілді.
Балаларға ыстық соғудың себептері, оның белгілері және алғашқы көмек көрсету шаралары туралы айтылды.
Ыстық ауа райында өзін-өзі ұстау ережелеріне, ішу режимі мен бас киім киюдің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, талқыланған тақырыптарды түсінгендерін көрсетті.