Бүгін «Көңілді жаз» мектеп жанындағы лагерь бүлдіршіндері Абай Құнанбаев атындағы қалалық мұражайды тамашалады.

Бүгін «Көңілді жаз» мектеп жанындағы лагерь бүлдіршіндері Абай Құнанбаев атындағы қалалық мұражайды тамашалады.
Қатысушылар қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-философының өмірі мен шығармашылығымен танысты.
Экскурсовод Абайдың балалық шағы, оның әдеби шығармашылығы, қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы қызықты әрі қолжетімді түрде айтып берді.
Балалар ақынның жәдігерлерін, жеке заттарын, қолжазбаларын, кітаптарын қызыға тамашалады.
Экскурсия жылы, танымдық атмосферада өтті, барлық қатысушылар қызығушылық танытты.