
???? Комфортты мектептің алғашқы түлектері
Бүгін – ерекше күн. Қарағанды облысындағы алғашқы комфортты мектептердің бірі 129 оқушыны негізгі орта білім туралы куәлікпен шығарып салды.
Олардың ішінде оқу озаттары да бар:
???? Аманжол Балнұр
???? Мырзабекова Тоғжан
???? Марғұланқызы Ақтоты
Олар үздік куәлік алып, өз еңбектері мен жауапкершіліктерінің нәтижесін көрсетті.
Комфортты мектептер – бұл жай ғана жаңа ғимараттар емес.
Бұл – жарық сыныптар, ыңғайлы жиһаз, заманауи құрал-жабдықтар мен балаларға оқуға және дамуға қолайлы орта.
Алда – жаңа мақсаттар мен өмірлік жолды таңдау.
Ал мектеп – осы жолдың бастауы болып қала береді. #келешекмектептері