
"Игі іс" акциясы аясында мектеп жанындағы "Көңілді жаз" лагерінің балалары мектепте және оның аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған пайдалы және игі істерге қатысты. Іс — шараның басты мақсаты-балаларда жауапкершілік, мейірімділік, табиғатқа қамқорлық және басқаларға көмектесуге деген ұмтылыс сезімін тәрбиелеу.
Акция барысында балалар гүлзарларды ынта-ықыласпен суарып, мектеп маңындағы гүлдерге күтім жасады, сондай-ақ қауырсынды достарына қамқорлық көрсете отырып, құстарға жем салғыштар жасады. Мұндай іс-шаралар балаларда қоршаған әлемге ұқыпты қарауды қалыптастырады және жақсылықты рахатпен жасауға үйретеді.