«Жұмысшы мамандықтары жылы» және кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Нұркен Әбдіров атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ 5Б сынып оқушылары өрт сөндіру бекетіне қызықты экскурсия жасады.

«Жұмысшы мамандықтары жылы» және кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында «Нұркен Әбдіров атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ 5Б сынып оқушылары өрт сөндіру бекетіне қызықты экскурсия жасады. Балалар ең маңызды әрі батыл мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші мамандығымен танысты.
Бөлімше қызметкерлері күнделікті жұмысы туралы айтып, арнайы техника мен құрал-жабдықтарды көрсетіп, техниканы көрсетіп, өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.
Экскурсия қызықты және танымдық болды. Балалар жарқын әсер алды, мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейтті, мүмкін олардың кейбіреулері болашақта осы ерлік жолды таңдайтын шығар.
