6 қазанда «Н. Әбдіров атындағы ТМ (РО)» КММ-нің 6 «А» сыныбында «Вандализм — бұл не және онымен қалай күресеміз?» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сынып жетекшісі оқушыларды вандализм ұғымымен таныстырып, оның бұзақылықтан айырмашылығын түсіндірді. Оқушылар вандализмнің — қоғамға қауіпті әрекет екенін, тіпті экстремистік сипат алып, қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін білді.
Сабақ соңында оқушылар «Вандализмге — ЖОҚ!» тақырыбында суреттер салып, өздерінің теріс әрекеттерге деген ұстанымын білдірді.
Мақсат — қоғамдық мүлікке ұқыппен қарауға, жауапкершілік пен азаматтық сана қалыптастыру.