"Әкем - анам жұмыста" жоба қорғау
Мақсаты: Оқушыларды мамандық тандауға бағыттау, ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау, нақтылыққа бейімдеу. Мамандыққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып ата ананың еңбегін құрметтеу.
Осы тақырып аясында бастауыш сынып оқушылары арасында "Әкем - анам жұмыста" ата-аналарының мамандықтары туралы бейнежазба әзірлеу бойынша сайыс ұйымдастырылып жеңімпаз оқушы анықталды.Оқушының аты-жөні: Зарқұмар Нұрсұлтан 4-сынып оқушысы.