«Блум кубигі техникасын қолдану арқылы балалардың сыни ойлауын дамыту»
2022 жылдың 29 желтоқсанында «Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі М.С. Чеботарь «Блум кубигі техникасын қолдану арқылы балалардың сыни ойлауын дамыту» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді».
Шеберлік сабағының мақсаты: «Блум кубигі» әдістемесі мысалында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын оқу үрдісінде пайдалануға мұғалімдердің ынтасын арттыру.