«Менің отбасым және кітап»
20 қаңтарда Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ-де "XXI ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!" атты оқу сауаттылығы апталығы аясында 1-4 сыныптар арасында «Менің отбасым және кітап» атты фотогалерея өткізілді. 2А, 3А, 4А сынып оқушылары белсене атсалысты. Мақсаты: кітап оқу арқылы рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ұлттық сана-сезімі жоғары, көркем әдебиет оқитын ұрпақты тәрбиелеу.