«Өміріңді өзгерткен кітап»
6 сәуір күні Қасым Аманжолов атындағы орта мектепте «Оқу сауаттылығы» апталығы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Өмірді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы өтті. Сайыстың мақсаты: логикалық ойлау, өз пікірін айту қабілеттерін дамыту; эссе жазу дағдыларын жаттықтыру. Эссе байқауында 9Б сынып оқушылары Идрисова Дильназ және Токабекова Дарина, 9Б сынып оқушылары Баграмова Айжан мен Корсак Олеся жеңімпаз атанды. Мұғалім Ермолаева Ирина Ивановна.