ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы аясында 16.01.2024 күні 5-6 сыныптарында жоспарлы «Бестік диктант» жазу жұмысы өтті. Диктант Ы.Алтынсариннің "Дүние қалай етсең табылады"тақырыбы бойынша жазылды.
Оқушыларға алдымен диктанттың шарты түсіндірілді, одан кейін әңгімені екі бөлікке бөліп, әр бөліктің мазмұнын «Бестік диктанттың» шарты бойынша оқушылар өздері жазды. Оқушылар диктантты қызығушылықпен орындады. «Бестік диктант» – оқушылар танымын белсенді етудің, қызығушылығын арттырудың, әсіресе әдеби тілін дамытудың, сауаттылыққа баулудың ең тиімді әдісі.
ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры