14 наурыз – Көрісу күні
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Иісі түркіге ортақ бұл мереке өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайды. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.
????Ата-бабамыз осы күні қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басқанының құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Бұл күнді кешірім күні деп те атайды. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Туған-туыс, көрші-қолаңмен қауышқанына қуанып, қол алысып, төс қағысады.
????♂️Жастар үлкендерге барып, амандасады. Ал ересектер кішілерге «Бір жасыңмен! Жас қайырлы болсын, өмір жасың ұзақ болсын!» деп ақ батасын береді. Әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылып, есендік сұрасады. Бұл бір күндік емес, айдың соңына дейін жалғасатын мереке.