«Оқуға құштар мектеп жобасы»аясында “Менің сүйікті кітабым" республикалық челленджі аясында Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылы «Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ -де С.Мұратбековтың “Жабайы алма” шығармасы оқып, талдау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларды С.Мұратбековтың өмір жолымен таныстырып қана қоймай, «Жабайы алма» кітабының қысқаша мазмұнын баяндау. «Жабайы алма» повесіндегі образдар жүйесіне тоқталып,кейіпкерлерімен жеке-жеке танысу оларға сипаттама беру. «Жабайы алма» повесінің негізгі түйіні: Жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді. Кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға, тағдырдың талқысына түссе де, адамдық бейнені, адамгершілік қасиетті жоғалтпауға, өмірге деген үміттен түңілмеуге, тағдыр тауқыметіне мойымауға, адалдық пен әділдікті баян етіп, адал жанын, таза ниетін бойында сақтап қалуға тырысатынын түсіндірілді.