Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі. «Таза өлке» ұранымен " Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп президенті мен өзін-өзі басқару ұйымы ерікті түрде тазалық акциясына қатысты. Акция барысында мектептің аумағында тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа да талдарды күзеу, әктеу жұмыстары да қарқын алды. Бұл жұмыстар ауылды жасыл белдеуге айналып, ауаны тазалауға оң әсер етері сөзсіз.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы