"Республика күні" қарсаңында мектебімізде "Жас ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі және мектеп президенті мен ұлан басын ұлықтау рәсімі өтті.
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.
Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Бүгінде мектебіміздің 25 оқушысы" Жас ұлан" ұйымына қабылданып, ұйым алдындағы антын қабылдады. Алдағы уақытта Жас ұландарымыз қатары кеңейетініне сенеміз!
Еліміздің болашағы жастардың қолында!
"Республика күні"