Абай ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 09 сәуірі күні «Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ-нде ІІ аудандық Қасым Аманжолов оқулары өткізілді.

Абай ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 09 сәуірі күні «Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ-нде ІІ аудандық Қасым Аманжолов оқулары өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың поэзиға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету, Қ.Аманжоловтың шығармаларын насихаттау; эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау.
Аудандық кезеңге 15 жалпы білім беретін мектептерден 43 оқушы қатысты.
Байқау үш номинация бойынша өтті:
«Өмірін өрген өлеңмен» номинациясы бойынша - 20 оқушы
«Дүниеге келер әлі талай Қасым...» номинациясы бойынша – 8 оқушы
«Жас дәурен» номинациясы бойынша - 15 оқушы.