29.12.2025 ж. қысқы каникул кезеңінде «Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ «Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында 1–11 сыныптардың сынып жетекшілері, тәлімгер, мектеп кітапханашылары, көркем еңбек пәні мұғалімдері төмендегідей іс-шараларды ұйым
29.12.2025 ж. қысқы каникул кезеңінде «Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ «Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында 1–11 сыныптардың сынып жетекшілері, тәлімгер, мектеп кітапханашылары, көркем еңбек пәні мұғалімдері төмендегідей іс-шараларды ұйымдастырды: Шеберлік және Шығармашылық күні «Өз қолыңмен жаса»
1–2 сыныптар: Шығармашылық шеберхана. Аппликация «Қыстың шығармашылық калейдоскопы». Көрме.
3–4 сыныптар: Жаңа жылдық квест-ойын «Аяз ата ізінде».
5–7 сыныптар: Дөңгелек үстел «Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктер».
5–7 сыныптар: Челлендж «Жылулық сыйла: жаңажылдық тілектер».
8 сыныптар: Кітапханаға бару «Жақсы кітап – ең сенімді дос! «Кітап – менің досым»».
9–11 сыныптар: Тренинг «Жаңа жылдағы табысқа мотивация».
7–11 сыныптар: «Аққала» шеберханасы, жаңажылдық әшекейлер жасау. Мақсаты: Қысқы каникул кезеңінде оқушыларды жан-жақты дамыту үшін олардың шығармашылық, танымдық, зияткерлік және тәрбиелік іс-әрекетке белсенді қатысуына жағдай жасау, адалдықты, азаматтық белсенділікті, табысқа деген ұмтылысты, мәдени және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. #k_amanzholov_school_osh# k_amanzholov_school_Adal_Azamat# k_amanzholov_school_kanikuly





