Кітап күні «Кітап және мен»
30.12.2025 ж. қысқы каникул кезеңінде «Адал Азамат» бағдарламасы аясында 1–11 сыныптардың сынып жетекшілері, мектеп кітапханашылары, әлеуметтік педагог төмендегідей іс-шараларды өткізді: Кітап күні «Кітап және мен»
1–2 сыныптар: Сурет байқауы «Ертегі әлемі суретте».
3–4 сыныптар: Интерактивті ойын «Кейіпкерді тап» (кітап кейіпкерлерін сипаттау бойынша).
5–7 сыныптар: Кітап көрмесі «Идеялар қайнары».
8–9 сыныптар: Буктрейлер челленджі «Сүйікті кітабыңды таныстыр».
10–11 сыныптар: Қысқы әдеби челлендж «Мені өзгерткен кітап». 1–11 сыныптар: Кітапханаға бару: «Жақсы кітап – ең жақсы дос!», «Кітап – менің досым» Мақсаты: Қысқы каникул кезеңінде оқушылардың шығармашылық, танымдық және тәрбиелік белсенділігін арттыру, адалдық, адамгершілік, азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға жағдай жасау. #k_amanzholov_school_osh# k_amanzholov_school_Adal_Azamat# k_amanzholov_school_kanikuly





