
«Халықаралық құстар күні» акциясы өтуіне орай Қарабас кенті №15 ЖББМ КММ-де 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен Қазақстан экологиясын жақсартуға қандай үлес қосамын» экологиялық тақырыбына шығармалар байқауы өтті. Байқауға барлығы 161 оқушы қамтылды. Шығарма жазу барысында, оқушылар экологияны қорғау, табиғатты таза ұстау үшін қандай үлес қосуға болады, қоршаған ортаны таза ұстауға жауапкершілік тақырыптары туралы өз қаламдарына арқау етті. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталды.