
«Фантастикалық әлем – космос» тақырыбындағы квест-ойын 8 және 10 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп кабинетінде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Бұл ойын барысында оқушылар ғарыш тақырыбына байланысты түрлі логикалық, шығармашылық және ізденіс тапсырмаларын орындады. Олар топпен жұмыс істеу, өзара көмектесу, тапсырмаларды уақытында орындау дағдыларын көрсетті. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, ғылым мен технологияға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шараны Саней А. Nº15 жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырды.