
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қарабас кентіндегі №15 жалпы білім беретін мектептің 7–8 сынып оқушылары No6505 әскери бөлімінде болды. Экскурсия атаулы датаға орайластырылып, тарихи жадыны сақтауға және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталды. Сапар барысында балалар бөлімшенің тарихымен, әскери қызметтің ерекшеліктерімен танысты, сонымен қатар әскери техника мен құрал-жабдықтардың үлгілерімен танысты. Әскери қызметшілер ел қауіпсіздігі үшін әскери қызметтің маңыздылығын айтты. Экскурсия есте қаларлықтай әсер қалдырып, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін оятуға септігін тигізді.