Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 5 мамыр күні Қарабас кентінің № 15 ЖББ КММ-нің мектеп кітапханасында «Мен Отанымның қорғаушысымын» атты кіт

Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында 5 мамыр күні
Қарабас кентінің № 15 ЖББ КММ-нің мектеп кітапханасында «Мен Отанымның қорғаушысымын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Қазақстанның әскери энциклопедиясы», «Отан қорғау – сенің азаматтық борышың» жинақтары «ХVII-XVIII ғасырлардағы қазақтардың әскери ісі» және басқа да Қазақстан қарулы күштерінің тарихы және қазіргі жағдайы тақырыбын ашқан кітаптары қойылды.
Ұсынылған кітаптардан оқырмандар қазақтардың әскери ісінің тарихы туралы көптеген қызықты мәліметтерді білді.