Топар жалпы білім беретін мектебінде 20 қаңтар күні "Мәңгілік ел -мәртебелі тіл"тақырыбы аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің жоспарына сәйкес 9а-сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті сабағынан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Наклова З.С. "Құлагер поэмасындағы Ақан бейнесі"тақырыбында көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау мақсатымен ашық сабақ өткізді. Сабақ басы оқушылардың бір-біріне тілеген сәттілігімен басталды.Үй тапсырмасын "Жылдар сөйлейді" хронологиялық кесте бойынша "Еркін микрофон"әдісімен сұралды.Сабақ ортасында:"Құлагер" поэмасындағы Құлагерді "Бір ауыз сөз"әдісімен сипаттай отырып,поэмадағы жылқы түсіне байланысты айтылған жерлерін тауып,өз ойларын жазды.Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау үлгісімен "ВЕЕР"әдісі бойынша өте белсенді жүргізді.Сабақ соңында:кері байланысты ,сабақтан алған әсерлерін "Даналық ағашы"арқылы жеткізді .Сабақ өз деңгейінде өтті.
"Мәңгілік ел -мәртебелі тіл"