«Әке FEST»
2024 жылдың ақпан айының 29 күні Қарағанды облысы , Абай ауданы Топар ЖББ мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ұлағат» әкелер мектебі, «Қаһарман» ұлдар клубы жобаларының жұмысы бойынша Әкелер айлығы жоспары бойынша «Әке FEST» атты әке мен балалардан құралған командалар арасында спортық сайыс өтті.
Спорттық сайыс өткізудегі мақсат.«Әке-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын дамытуды көздеді.
Сонымен қоса келесі міндеттерді қойды:
1. Балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту.
2. Дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілікті, достық сезімін тәрбиелеу.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
4. Ең күшті команданы анықтау.
«Әке FEST» спорттық сайысына 1-11 сыныптарда оқитын ер балалар әкелерімен қатысып, екі қарсылас топқа бөлініп, мықтыларды аңықтап, әке мен бала, мектеп арасында достық, бір-біріне деген сенімділік сезімдерін ұялатты.
Фестивальға қатысқан әкелер, баларынын алдында абыройларын асқақататып, «Әке - өмірдің тірегі» екендігіне көз жеткізді. Фестивальға қатысқан әкелерге мектеп әкімшілігі атынан рахмет айтылып, грамоталармен сыйлықтар табысталды.