
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің “Мичурин негізгі орта мектебі” КММ “XXI ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!” оқу сауаттылығы апталығы аясында 5- сынып оқушыларымен «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбында квест ойын ұйымдастырылды. Ойын сабақтың мақсаты оқушылардың кітіп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу сауаттылығын арттыру. Ойы жоспары бойынша Мыстан кемпір сиқырлы ертегі кітабын ұрлап алып кетіп, кітапты бөліктерге бөліп жасырып қойды. Балалардың міндеті тақырып бойынша сыныпта түрлі квест тапсырмаларын орындап сиқырлы кітапты жинау. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің оқыған кітаптарының аттарын, авторларын, кейіпкерлерін естеріне түсірді, нәтижесінде кітап толықтай жиналды, оқушыларға ойын өте қызық болды. Сонымен қатар оқушылар «Сүйікті ертегім» тақырыбына постер жасап қорғады.