
14.10. 2024 жылы "Мичурин НОМ" КММ 1-9 сынып оқушыларымен “Тәуелсіздік және патриотизм" айының құндылығына сәйкес Ұлы Отан соғысының батырларына арналған "Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстаг үстіндегі ту" тақырыбында сынып сағаты өтті. Биыл еліміздің барлық өңірлерінде Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы кеңінен аталып өтілуде. Рахымжан Қошқарбаевтың патриот, адам және азаматтың өмірі-өз халқына қызмет етудің үлгісі. Өскелең ұрпақ үшін елдің табысты тәуелсіз болашағын құру үшін осындай қаһарман тұлғалар туралы білу өте маңызды.