Привлечение молодых специалистов и обеспечение их социальной поддержкой

@qaragandy.obl.densaulyk
Соңғы жылдары біздің облыста дәрігерлер тапшылығын жою және кадрлық әлеуетті дамыту шаралары жүзеге асырылуда. Жас мамандарды тартуға және олардың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен жылы өңірге 210 медицина қызметкері тартылып, оның 106-сы ауылдық жерлерге жіберілді. Медициналық кадрларды қолдау үшін қызметтік тұрғын үй, көтерме жәрдемақы төлеу және қолжетімді ипотекалық кредит беру көзделген.
Ауылдық жерлерге келген жас мамандарға ерекше көңіл бөлінеді.
Мәселен өткен жылдың сәуір айында медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған кейбір заңдарға түзетулер енгізілді. Ауылдарға кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың дәрігерлері үшін ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған. Өткен жылы 8,5 млн теңгені құрады.
2024 жылғы қыркүйекте заңға түзетулер күшіне енгеннен кейін облыс әкімінің қаулысымен жалпы практика дәрігері, акушер-гинеколог, педиатр және анестезиолог-реаниматолог сияқты төрт аса тапшы ауылдық мамандықтар бөлінді.
Бұдан басқа облыстық мәслихат ауылдық жерлерге, елді мекендерге және аудандық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілетін медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылды.
Өткен жылы 63 маман қолдау алды. Оларға 1,5-тен 8,5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде 407 млн теңгекөтерме жәрдемақы төленді.
Олардың ішінде: барлық ауылдық аудандарға (Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандары) келген 39 жалпы практика дәрігері, Нұра, Қарқаралы және Осакаров аудандарына анестезиолог-реаниматологтың 4 дәрігері және Шет ауданына акушер-гинекологтың 1 дәрігері бар.
Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Бұл мақсаттарға 419 млн теңге қарастырылған. Біз 70 маманның келуін күтеміз.
Ауылдық өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеуді және 2500 АЕК мөлшерінде тұрғын үйге бюджеттік кредиттер беруді көздейтін «Дипломмен ауылға»бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Биыл ауылға келген 106 медицина жұмыскері көтерме жәрдемақы алды, оның 40-ы тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алды.