“Адал азамат” бағдарламасы және “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында Мичурин негізгі орта мектебінде 18 желтоқсан күні “Цифрлық ғасырдағы кітапханашы: Жаңа рөлдер мен дағдылар” тақырыбында аудандық кітапханашылар семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: цифрландыру жағдайында кітапханашының кәсіби рөлін жаңғырту, заманауи ақпараттық технологияларды кітапхана қызметіне тиімді енгізу жолдарын қарастыру және мамандардың цифрлық құзыреттілігін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға электронды ресурстармен жұмыс жасау, цифрлық платформаларды пайдалану, онлайн қызметтерді дамыту, оқырмандармен қашықтан байланыс орнату, медиасауаттылықты қалыптастыру бағыттары бойынша мазмұнды іс шаралар мен шебер сағатттары, ойындар өткізілді. Сонымен қатар, кітапханашының жаңа функциялары – ақпараттық навигатор, контент жасаушы, цифрлық кеңесші ретіндегі рөлі талқыланды.
Семинар тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелер және іс шарадағы озық тәжрибелерге баса назар аударды. Іс-шара соңында цифрлық ортада кітапхана қызметін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар беріліп, алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.
Аталған семинар кітапханашылардың кәсіби дамуына серпін беріп, цифрлық қоғам талаптарына сай жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасады. Іс шара жоғары деңгейде өтті.