“Мектебім – мейірім мекені”
2024-2025 оқу жылындағы «Білім күні»
1 қыркүйекте «Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебі ( ресурстық орталық) КММ барлық мектеп қауымдастығының қатысуымен 1-11 сынып оқушыларына арналған “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Амралина Құралай Айткенқызы құттықтау сөзімен ашып берді. Салтанатты мерекеміздің қадірлі қонағы , Аудан әкімі
Абылай Базылұлы бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді . Ауданымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы
Сәкітай Шәшімбекович құттықтау тілегін жолдады. Шараға Ақтоғай ауданының білім бөлімінің басшысы Қуанышбаев Айдос Каригулович, Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция майоры Айдос Серікболұлы Нұрман қатысты. 11 сынып оқушысы Зияда Келбет бүлдіршіндерге арналған өлең жолдарын оқып, барлық 11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге «Әліппе» оқулығы мен «Білім кілтін» табыстады Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектеп табалдырығын алғаш аттап тұрған бүлдіршіндеріміз Абзал Алинұр мен Саттарбек Жаухар және 11 сынып оқушылары Сейфолла Бақтияр , Ақмағанбет Тоғжанға берілді. Шара соңында Нұрлан Айзеренің орындауында « Аяулы әнім Мектебім» әні орындалды.