Балалар жылына орай мектебімізде "Тәуелсіздікке тартуым" атты оқушылар шығармашылығы сурет және қолөнер көрме залы ашылды. Мақсаты: оқушыларды ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмер-икемділікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу. Көрме залының ашылуына қарт зейнеткер ұстаз көркем еңбек пәнінен ұзақ жылдар дәріс берген Р. Бауымбекова, қамқоршылық кеңес төрайымы Р. Жүнісбекова, мүшесі Г. Смағұлова, ауылдық округі әкімінің бас маманы С. Сағындықова және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Келген қонақтар көрме залына қойылған оқушылардың қолөнер бұйымдарымен сонымен қатар оқушылар құрастырған роботтарды тамашалады. Мектебіміздің педагог-зерттеуші, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Индира Тулеукадыркызының ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары "Бауырсақ" ертегі желісі бойынша қуыршақтар қойылымын көрермен қауымға ұсынды. Ертегі кейіпкерлерін оқушыларымыз өз қолдарымен жасап, тігіп дайындады. Алдағы уақытта көрме залы келешек ұрпақ мүддесіне қызмет етіп, арман-қиялдары бір жерге тоғысқан шеберлердің жылы ұясына айналмақ. Көрме залының ашылуына демеуші болған мектеп түлектері Алтынбеков Шалқар, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Әбілғазы Нұрғазыға алғысымыз шексіз!
#балаларжылы2022
"Тәуелсіздікке тартуым" атты оқушылар шығармашылығы сурет және қолөнер көрме залы ашылды