back-image
КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
Организации> КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
1 наурыз күні "Алғыс айту парызым" тақырыбында үлкен мерекелік іс-шара өтті.
01-03-2023 12:00
1 наурыз күні

         Наурыздың 1 күні ұйымдастырушы педагог Жарылғап К. Н. және 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен таңертең сағат 7:30 дан бастап әр келген мектеп ұстаздары, оқушылары, қызметкерлеріне, т.б. алғыс күнімен құттықтап көңілді күй сыйлады. Сағат 12:30 да акт залында үлкен мерекелік іс-шара өтті. Ол іс-шараға мектебімізде алғыс айту күніне орай тамыз айында құрылған жоспар бойынша «Біз жақсылық жасаймыз» атты ұранымен жағдайы төмен, көп балалы, қамқорлыққа алынған, қаражаты жеткіліксіз отбасылардың балаларына қайырымдылық қоры  ұйымдастырылған болатын. Сол қайырымдылық қорына демеушілік көрсеткен Қарлығаш Алпысбайқызы, Алтынгүл Хосай, Байдельдинова Гүлзат, Жанұзақ С. құрметті қонақ ретінде «Алғыс айту парызым» атты іс-шараға шақырылды. Мектеп директоры осындай жанашыр жандардың барына үлкен қуанышпен, қошеметпен, алғысхатпен марапаттады. Әрдайым үлгі, өнеге тұтарлық жандардың барын айтып іс-шарамызда медбике, асхана қызметкерлері, мектебіміздің тазалығын сақтайтын апайлар мен жылулық сыйлайтын ағайларда іс-шарамыздың қонағы болды.

        Іс-шарада әр өлең жолында ата-анаға, туған жерге, ұстазға алғыс айтып жылы лебіздерін білдіріп отырды. Іс-шараны ең алдымен 3 сынып оқушыларымен «Алғыс» әнімен бастадық. Бұл іс-шарада «Балауса» шағын орталығының кіші тобындағы бүлдіршіні Хақназар «Анашым» әнімен аудиторияға үлкен көңіл-күй сыйлады. Іс-шарада 6 сынып оқушысы Рахымбай Нұрасыл «Туған жер» әнімен, 4 сынып оқушылары «Ұстаз – ана» және «Туған жер» әнін, 8 сынып оқушылары «Өзбек биімен», 6 сынып хоры «Шексіз алғыс» әні, іс-шараға жауапты ұйымдастырушы педагог Жарылғап К.Н., Сарсекеева А. Ж. Қыздарбекова Б. Е., Курмангалиева Г. М. «Ауылым» әнімен аяқтады. Мектеп директоры жауапты мұғалімдерге алғысын білдіріп, әрі қарай іс-шараларға сәттілік тіледі.

Новости