back-image
КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
Организации> КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"

МЕКТЕП ЖАРҒЫСЫ

«Қарағанды облысы
 экономика басқармасы» ММ
басшысының 2021 жылғы
«____»______________ № ___ 
бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қарағанды облысы білім басқармасының  Бұқар жырау  ауданы білім бөлімінің «Cұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі» (РО) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
ЖАРҒЫСЫ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 тарау. Жалпы ережелер
 
1. « Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің «К.Боранбаев атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) осы Жарғыда көрсетілген тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. 
2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3.Мемлекеттік мекеме облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады. 
4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
5.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің міндеттерін жүзеге асырушы: Қарағанды облысы білім басқармасының «Бұқар жырау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. 
6.Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі толық атауы: «Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің К.Боранбаев атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа имени К.Боранбаева отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области».
7.Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 100415, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Петровка ауылдық округі, Жанақала ауылы, Ақжол көшесі, 10.
 
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
 
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болуы мүмкін.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10.Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта бола алады.
11.Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін осы тарауда және өзге де құқықтық актілерде көрсетілген барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
 
 
 
3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
 
12.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.
13.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарын тегін орта білім алу құқығын іске асыру;
2) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
3) мәдениет деңгейі жоғары, қоғам өміріне бейімделген, тереңдетілген және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және игеруге дайын зияткерлік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
4) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды даярлау.
14.Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (шағын орталық, мектепалды сыныптар) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді. Қызметтің барлық түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»2014 жылғы 16 мамырдағы  № 202 Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.
Мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанын, Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы                                            мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және басқа да тілдерді меңгеру;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
8) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
9) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
10) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау;
Мемлекеттік мекеме дамытушы оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу бойынша түрлері  мен әдістерді іздестіруді, әзірлеуді, эксперименттік оқу жоспарларын, бағдарламалары мен қосымша курстарды байқаудан өткізуді ұйымдастыратын білім беру ұйымы болып табылады. Оқу үдерісін ұйымдастыру, басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің Үлгілік бағдарламаларына сүйенеді.
Мемлекеттік мекеме «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тұрғыда оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады. Білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін мектеп мекеме басшысымен бекітілген жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді.
Оқыту тілі- мемлекеттік (қазақ) тілі болып табылады.
Жұмыс оқу жоспарының вариативті бөлігі:
1) жеке таңдаумен, жеке даму бағдарламасымен, оқытудың инновациялық және технологияларын пайдаланумен;
2) мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, дамытушы пәндерді енгізу;
3) тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға бағытталған пәндер мен курстарды енгізу.
Мемлекеттік мекеме құрылымы:
1) әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);
2) Әдістемелік Кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпы мектептік ата-аналар ұйымы, сыныптық ата-аналар ұйымдары, пәндік әдістемелік бірлестіктер;
3) сынып, топ-мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.
4)мектепке дейінгі шағын орталық топтары.
Білім деңгейлері:
1) бастауыш білім берудің (1 - 4-сыныптар) негізгі стратегиялық бағыты бастауыш мектеп оқушыларының жеке қабілеттерін ашуға, қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және оқытудың оң уәждемесі негізінде шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, зияткерлік және музыкалық дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамыта оқыту болып табылады. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;
2) негізгі орта білім беру (5 - 9-сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған базалық әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық үдерістерге өту үшін арнайы біліктер мен дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамытушы және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушыларды оқытудың жеке жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету. Негізгі орта білім беру, жалпы орта білім алудың негізі болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын оқу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-5 жыл;
Тиісті контингенті көрсетілген сыныптар жиынтығын Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысымен келісіледі. Сыныптар жиынтығын қалыптастыруға мекеме басшысы дербес жауапты болады. Сыныптардағы оқушылар саны қолданыстағы «білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес, осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражатын ескере отырып, санитарлық нормативтерді сақтаған жағдайда белгіленеді.
Сыныптар тізбесі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 20 оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін. Егер оқу жылы ішінде оқушылар саны 20 оқушыдан кем болған жағдайда, осы оқу жылының келесі тоқсанынан бастап 2 кіші топқа бөлу тоқтатылады. Жарғының осы тармағы бюджеттің мүмкіндіктерін ескереді;
Егер мемлекеттік мекеме мәртебесі бойынша шағын жинақталған мектепке жататын болса, онда оқу-тәрбие үдерісі білім алушылардың аралас сыныптарда әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып қамтамасыз етіледі;
Шағын жинақталған мектептерде жекелеген пәндерді оқу кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған кезде кіші топтарға бөлуге жол беріледі. Сыныптарды бір сынып-жиынтыққа біріктіру және біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс. Шағын жинақталған мектептердегі сыныптарды толтыруға 3-10 және одан да көп адам жіберіледі. Үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады. Бірінші сынып және бітіруші сыныптардың білім алушыларын бірлесіп оқытуға жол берілмейді; 
Мемлекеттік мекемеде толық және жарты күндік болатын мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істей алады. Мектепке дейінгі шағын орталық  мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды жан - жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыруда олардың ата-аналарына консультациялық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылады. 
Шағын орталыққа қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдау үшін құжаттар тізбесі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидаларымен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартымен айқындалады
Мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушылармен үйде сабақ беруді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтардың жеке құрамы анықталады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдері) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті.
Мектептегі оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен демалыстардың саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс режимі белгіленеді: бірінші ауысымда сабақтардың басталуы – 8:00 (8:30 немесе 9:00) сағат, екінші ауысымда – 13:30 (14:00) сағат. Сабақ кестесін мектеп басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күн сайынғы саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ, сабақ арасындағы үзілістің ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің сұрақтары қолданыстағы «білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерімен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін.
Сабақтар арасындағы үзіліс кезеңінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар мен жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады.
Мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде қолдау табады. Білім алушыларға қатысты физикалық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді. Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді медицина бикесі қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық қызметкерлермен қатар білім алушылардың денсаулығы мен дене бітімінің дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Мектеп оқушылары кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес мектепте мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі мектептің Қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі. Мектеп киімі нысаны зайырлы оқу сипатына сәйкес келуі керек. Бас киімдер мен түрлі конфессиялардың діни тиесілілігінің атрибуттарын қоса алғанда, киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді;
міндетті мектеп киім нысанына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығында белгіленген жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс;
Мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлек қағидаларын сақтауға міндетті. Кез келген нысанда діни тәрбиеге жол берілмейді.
Инклюзивті білім беру мақсатын іске асыра отырып, мектеп ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға олардың білім алуы және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып және Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің келісімі бойынша мамандар болған жағдайда мектепте инклюзивті сыныптар ашылуы мүмкін (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттіліктері бар екі баладан артық емес білім алуға болады). Инклюзивті сыныптарда психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша білім алатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарлама бойынша диагнозға сәйкес түзету жұмыстарының жағдайлары болған кезде оқи алады. Инклюзивті сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім) түзету сабақтары жүргізіледі. Мектепте тұрақты негізде өз жұмысын логопункт жүзеге асыра алады. Логопунктың ашылуы «Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
Мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдау үшін құжаттар тізбесі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесімен және Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартымен анықталады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің мұғалімді таңдауға құқығы жоқ. Сыныптан сыныпқа ауыстыру үлгерім нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүргізіледі.
Мектепалды сыныптарға қабылдау ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады;
Мектепте білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес жүргізіледі. 
Қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кәмелетке толмаған білім алушыларды мектептен шығару ерекше жағдайларда құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша жол беріледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алып тастау туралы шешім қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен қабылданады. Кәмелетке толған білім алушыларды мектептен шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны, сондай-ақ, үлгерімі үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жол беріледі;
Тәрбиеленушілерді шағын орталық топтарынан шығару ай сайынғы төлем уақтылы төленбеген, баланы дәлелді себептерсіз бір айдан артық өткізіп алған жағдайларда, медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі;
Білім алушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық қызметкерлер құрамымен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Білім алушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді;
Жалпы білім беру үдерісінің қатысушылары: білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуға құқығы бар.:
1) тегін жалпы орта білім алуға;
2) әртүрлі қызмет түрлеріндегі ерекше табыстары үшін көтермелеуге;
3) медициналық қызмет көрсетуге;
4) кітапхана қорын тегін пайдалану;
5) қосымша  білім беру қызметтерін алуға;
6) мекемені басқаруға қатысуға;
7) адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге.
Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну қағидатын ұстанады. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
Білім алушылар міндетті:
1) мектеп Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін орындауға; ;
2) жақсы оқуға және мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға; білім алушының мектеп мүлкіне келтірілген залал жағдайында ата-анасымен бірге оның құнын қалпына келтіруге және өтеуге;
3)мектептің басқа да білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 
4)Жарғыға және білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес белгіленген мектеп формасын кию.
Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
1) баланың тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға;
2) қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар ұйымдары арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға; 
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға 
құқылы;
Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер міндетті:
1) балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуды, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке айқындай отырып, мектепалды даярлықты қамтамасыз етуге;
3) мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;
4) балалардың мемлекеттік мекемедегі сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
7) мемлекеттік мекемеде белгіленген киім нысанын сақтауға міндетті;
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) мектеп Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті.
Мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес болып табылады.
Мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.
Директор жауап береді:
1) мектеп қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, оқу жоспары мен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру, білім алушылардың білім сапасы, өмірі мен денсаулығы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқу-тәрбие үдерісі кезінде мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін;
2) облыстық және қалалық маңызы бар білім беру органдарының нормативтік актілерін, бұйрықтарын, лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарды орындамағаны үшін;
3) білім алушының жеке басына дене және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбие әдістерін, оның ішінде бір рет қолданған, сондай-ақ өзге де моральдік теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын қызметінен босатылуы мүмкін;
4) өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау ережелерін, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық ережелерін бұзғаны үшін мектеп директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
Педагогтік қызметпен айналысуға тек тиісті бейіндері бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
Мектепте жұмыс істеуге:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған. Жылына бір рет, оқу жылының басында педагог психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтынын растайды;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
4) Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулер негізінде 
 
адамдар жіберілмейді.
Жұмысқа қабылдау кезінде мектеп директоры азаматтық қызметшінің тиісті бос лауазымдарына орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуға міндетті. Тиісті білімсіз педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Педагогикалық лауазымдар бойынша азаматтарды қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор дербес жауапты болады. Мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазымға немесе қызмет түріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
Мемлекеттік мекемені басқарудың бір түрі-педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің отырысына ата-аналар ұйымдарының немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды.
Педагогикалық кеңес:
1) мемлекеттік мекемелерде нормативтік құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шаралар;
2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай-күйі, оқытудың барлық түрлері бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
3) оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелері;
4) қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайта курсқа қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргені туралы аттестат, алтын белгі, үздік аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру мәселелері;
5) оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, педагогтарды марапаттау және көтермелеу мәселелерін
 
қарастырады.
Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін жоспарға сәйкес жүргізіледі, педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес жылына кемінде бес рет жиналады.
15. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
16. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі: құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай-ақ оған қатысты осы Жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты құқық субъектісінің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
 
4 тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
 
17.Мемлекеттік мекемені жалпы басқару «Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады. 
18. Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп, береді;
2) мемлекеттік мекеменің жарғысын, оны енгізуді, өзгертуді және толықтыруды бекітеді.
Қарағанды облысы білім басқармасының «Бұқар жырау ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:
мемлекеттік мекеменің басшысы тағайындалады;
2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
5) мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат санын, тарифтеу тізімдерін және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын келіседі;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
8) мемлекеттік мекеменің құрылтайшысына мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
9) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеменің директоры «Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ басшысымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, «Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
21. Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22. Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
23. Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
9) өзінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, оның ішінде білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және «Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
 
5 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
 
24. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құнын оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады:
1) құрылтайшы (меншік иесі) берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
26.Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.
27.Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.
Бухгалтерлік есепті және мемлекеттік мекеме үшін есептілікті ұсынуды барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
28.Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
 
6 тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
 
29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
 
7 тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
 
30.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес осы шешімді қабылдаған құрылтайшының немесе органның шешімі бойынша жүргізіледі. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
 
8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
 
31.Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.
32.Мемлекеттік мекеме заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.
33.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша Қарағанды облысының әкімдігі жүзеге асырады.
34.Таратылған мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
35.Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
 
9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
 
66.Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
 
 
 
Директоры_____________________ Е.Р. Жетписбаев
                                        (қолы)
Новости