back-image
КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
Организации> КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
8 наурыз – Халықаралық аналар күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті
08-03-2023 13:26
8 наурыз – Халықаралық аналар күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті
8 наурыз – Халықаралық аналар күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Наурыздың 7 күні ұйымдастырушы педагог Жарылғап К. Н. және 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен таңертең сағат 7:30 дан бастап әр келген мектеп ұстаздарын, оқушыларын, қызметкерлерін, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап көңілді күй сыйлады. Сағат 12:00 де акт залында үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарамызға зейнеткерлікке шыққан мектеп ұстаздарымыз шақырылды. Оқушыларымыз дәліз жасап, 6 сынып оқушылары барлық ұстаздарымызды әдемі ән мен күй орындап қарсы алды. Мектеп директоры мектеп ұтаздарын оқушыларымызға білім беріп, мектептің көркеюіне үлес қосып жүргендері үшін  алғыс хатпен марапаттады. Әрдайым үлгі, өнеге тұтарлық жандардың барын айтып іс-шарамызда медбике, асхана қызметкерлері, мектебіміздің тазалығын сақтайтын апайлар мен жылулық сыйлайтын ағайларда іс-шарамыздың қонағы болды. 
Іс-шара 11 сынып ұлдарының биімен және ұстаздарымызға гүл беруімен басталды. Рахымбек Мерей мен Інжу «Бұл менің анам» әнін орындады. 3 «Ә» сынып оқушылары «Ерекше күн» атты көрініс көрсетті. 6 сынып ұлдары қыздарға арнап 16 қыз әнін орындады. Мектебіміздің ұтазы Нұрхан ұстаздарымызға арнап «Розовые розы» әнін орындап тәмамдады. іс-шараға жауапты ұйымдастырушы педагог Жарылғап К.Н., Амирова Л. С., Аруанова А. Х., тәлімгер Калиева А. К. Мектеп директоры жауапты мұғалімдерге алғысын білдіріп, әрі қарай іс-шараларға сәттілік тіледі.
Новости