13 ақпан күні мектебімізде «Ауған ардагерлеріне мың тағзым» атты іс-шара өткізілді.
13 ақпан күні мектебімізде «Ауған ардагерлеріне мың тағзым» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарамызға тәджік - ауған соғысына қатысқан ардагерлеріміз шақырылды. Мектеп ұжымы және оқушылар ардагер жауынгерлерді жылы қабылдап, атаулы күнмен құттықтады. Ауған соғысынан қысқаша көрініс қойылды. Көрініске 8 және 11сынып ұлдары қатысты. «Балауса» шағын орталығынан бүлдіршіндеріміз ардагерлерімізге би арнады. Іс-шарамызға «Жас сарбаз» ұйымы ат салыса қатысты.
Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Кездесу барысында «Сондай қиын кезде достасып, бір-бірімзге қамқоршы бола білдік. Аман-есен елге оралып, қазір жыл сайын кездесіп, майданнан қайтпаған достарымызы еске аламыз», - деді Ауған ардагері.
Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды.
Мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды.
Бүгініңді бүлдіріп қана қоймай, болашағына да балта шабатын 10 жылға созылған бұл соғыстың аяқталғанына 34 жыл болыпты. Дәл осы күні, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні.