back-image
КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
Организации> КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Султанмахмута Торайгырова"
Мектебімізде «Оқуға құштар» жобасы аясында мектеп алды даярлық және 1-4 сыныптар арасында ертегілерді сомдап «сахналық қойылым» өтті.
06-04-2023 13:34
Мектебімізде «Оқуға құштар» жобасы аясында мектеп алды даярлық және 1-4 сыныптар арасында ертегілерді сомдап «сахналық қойылым» өтті.
Мектебімізде «Оқуға құштар» жобасы аясында мектеп алды даярлық және 1-4 сыныптар арасында ертегілерді сомдап «сахналық қойылым» өтті. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.  Ертегі арқылы оқушылар:
- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;
- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.
- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;
- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.
 
Мектеп алды даярлық «А» сыныбы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін;
Мектеп алды даярлық «Ә» сыныбы «Алтын қарбыз» ертегісін;
2 «А» сыныбы «Үйшік» ертегісін;
2 «Ә» сыныбы «Жеті лақ» ертегісін;
2 «Б» сыныбы «Түлкі мен тырна» ертегісін;
3 «Ә» сыныбы «Алтын балта» ертегісін;
3 «Б» сыныбы «Хан мен құмырсқалар» ертегісін;
4 «А» сыныбы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін;
4 «Ә» сыныбы «Орманға көмек» ертегісін;
4 «Б» сыныбы «Қызыл телпек» ертегісін сомдады.
Новости