back-image
Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области
Терроризмнің алдын алу туралы мектепте атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат
15-06-2022 09:38
Терроризмнің алдын алу туралы мектепте атқарылып жатқан жұмыстар бойынша  ақпарат

Терроризмнің алдын алу туралы мектепте атқарылып жатқан жұмыстар бойынша  ақпарат

 

              Терроризмен күрес – барша адамзаттың міндеті. Қазір дін атын жамылып, өскелең жастарды теріс ағымға жетелеп кетіп жатқан жат пиғылды жандар қоғамда белең алып жүр. Березняк мектебінде 2021-2022 оқу жылына арналған терроризммен күрес жоспары жасалып бекітілген. 2021 жылы Бұқар жырау аудандық ішкі істер органымен бірлесе отырып, терроризмммен күрестің алдын алу паспорты дайындалып, бекіттірілді . Осы жоспар шеңберінде ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, екі рет әлеуметтік желілер арқылы «Дін-тәрбие тірегі»,  «Терроризмге жол жоқ» тақырыптарында инстаграм желісі арқылы насихат жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілерінен арнайы мешіттер мен шіркеулерге баратын балалардың бар немесе жоқ екендігі туралы сауалнамалар алынды. Нәтижесінде  8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының ішінде мешітке немесе шіркеуге баратын арнайы балалар жоқ екендігі анықталды. . Ауылда діни ұйым ретінде мешіт қана тіркелген. Ол қысты күндері жұмыс істемейді. 

18 қазан – қоғамдық келісім күніне орай Березняк орта мектебінде 9 сынып оқушыларына «Жалған хабарлама» (Ложный терроризм) фильмі көрсетілді. Бұның мақсаты қазіргі әлемдік тыныштықтың мазасын алған алып қауіпке айналған террорлық актілердің жазасы мемлекет тарапынан қаншалықты жаза тартылатын көрсету, оқушылардың арасында ондай әрекетке бармауына ой салу, зардабы мен салдарын көрсету болды.  Бұған 8 оқушы қатысты. Фильмнен соң оқушылардың көргендері ортаға салынып, талқыланды. Оқушылардың мұндай әрекетке барған жағдайда нақты жауапкершілікке тартылатындығын түсінгендіктері байқалды. Фильм барысында көрсетілген осындай іс әрекетпен сотталған адамдардың өкініштерін есту, оқушыларға ой салды. Жалған шалынған қоңыраудың нақты жауапкершілкке әкелетінін түсініп оқушылар рефлексиялар жазды. Бұл рефлексиялардан оқушылардың қоғамдық тыныштықты бұзуда жалған қоңыраудың зияндылығын, ойнасаң да, ойлап жасау керектігін түсінгендігін байқауға болады.  Жыл сайын 9 сыныптарға өткізілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік сабағы оқушылардың дін туралы түсініктері мен дәстүрлі діндердің негізгі тарихымен жан-жақты түсінуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мектептің терроризм шабуылына дайындығын пысықтау мақсатында жыл бойы үш рет дабыл  қоңырауы соғылып,  мектептегі оқушылар мен ұстаздар және қызметкерлерді қауіпсіз жерге эвакуациялау шаралары жүргізілді. Жалпы мектеп қызметкерлеріне қауіпсіздік дабылының белгісі, ондағы жасалатын іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Мектептегі дабыл жүйесінің жұмыс істеуі тексерілді.  Өнер бастауы үйірмесінің оқушылары арқылы  зардап шеккен адамдарды қиын жағдайдан алып шығу жаттығуы пысықталды.   

 

Тәрбиеісінің орынбасары                                   Д. Хавий

 

Новости