back-image
КГУ "Алгабасская основная средняя школа"
Организации> КГУ "Алгабасская основная средняя школа"
Әдістемелік бірлестік жұмыстары
16-06-2022 13:43

«Алғабас негізгі мектебі» КММ

2021-2022 оқу жылы

Әдістемелік кеңес жоспары

 

Тақырыбы

Жауапты

І отырыс                                                         Тамыз

1. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарын бекіту: апталық мезгілі, ашық сабақ кестесі, бейінді-бағдарлы курс жобаларын, ОЖСБ дайындық жоспарларын бекіту.

2. Күнтізбеліктерді тексерудің қорытындысы

3. Жас мамандарға жетекші бекіту.

4. Мектепішілік олимпиаданың күнін,  өту ережесін,жауапты мұғалімдерді  бекіту.

5. ОҒҚ құрамын бекіту

 

Мектеп директоры

 

 

Директордың ОІМ

Мектеп директоры

Әкімшілік

 

ОҒҚ басшысы

ІІ отырыс                                                    Қараша

1. Мұғалімдердің білімін көтеру курсынан өту кестесін бекіту

2. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы   инновациялық әдістермен технологиялар.

3. Біркелкі орфографиялық ереженің сақталуын және нормасын қадағалау қорытындысы

4. Мектепішілік олимпиаданың қорытындысын талдап,бекіту

 

Әкімшілік

Базарбеков Ж.Б.

 

Директордың ОІМ

ӘББ

Әкімшілік

Комиссия мүшелері

ІІІ отырыс                                                       Қаңтар 

1. Мұғалімдердің құзыреттілігінің диагностика қорытындысы

2. ОЖСБ-ға дайындау жоспарының орындалуы

3. Аудандық олимпиаданың қорытындысы

4. Үлгерімі төмен балалармен жүргізілген жұмысты тексерудің қорытындысы.

 

Әкімшілік,ӘББ

Аттестаттау комиссиясы

ӘББ

Мектеп директоры

ӘБ басшылары

IV отырыс                                                                Сәуір

1. ӘБ жетекшілерінің  қорытынды есебін талқылау

2. Емтихан құжаттарын талқылау, бекіту.

3. Жетекшілер мен жас мамандардың жұмыстарының қорытындысы

4. Оқушылардың ғылыми-жоба қорғауға дайындығы туралы мәлімет.

5. Ұстаздардың әдістемелік бірлестік  ішінде өз білімін жетілдіру бойынша жасаған шығармашылық есебін талқылап, баға беру.

 

Комиссия төрайымы

ӘБ жетекшілері

Директордың ОІМ

ОҒҚ басшысы

V отырыс                                                                Мамыр

1. Оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық диагностика мен мониторинг қорытындысы

2. Жаңа оқу жылына мектеп  және әдістемелік бірлестік жоспарының жобасын құрып, талқылау

3. Тамыз кеңесіне дайындық жұмыстарын ұйымдастыру

4. Мектептің өзін-өзі аттестациялау жұмыстарының диагностикалық параметрлерін құрып, бекіту.

 

Директордың ТІМ

 

Әкімшілік

 

Әкімшілік

 

 

                         Мектеп дирекоры:                          Бахшиева Г.К

 

 

Ұстаздардың әдістемелік бірлестігі ғылыми даму үрдісін күні бұрын болжайтын,оның тетігін табатын, өзектілігін сол пәндердің заңдылығы мен қағида-қисындарына  талдау жинақтау әдісіне негіздеп, әр нәтижеге жету амалын одан әрі тереңдетіп, қиындыққа ұрындыратын тұстың көлеңкелі жақтарының қорытындысын шығару.Ұстаздардың әдістемелік бірлестігі  ұстаздардың  шығармашылық табыстарын орталықтандыру, жетістіктерін шоғырландыру үрдісін құру,жағымды тұстарды жинау, әс-әрекетті  ынталандыру. Оқу тәрбие жұмысында жаңа технологияны меңгере отырып саналы білім берілді.

Бастауыш сынып ұстаздардың әдістемелік бірлестігі ғылыми даму үрдісін күні бұрын болжайтын,оның тетігін табатын, өзектілігін сол пәндердің заңдылығы мен қағида-қисындарына  талдау жинақтау әдісіне негіздеп, әр нәтижеге жету амалын одан әрі тереңдетіп, қиындыққа ұрындыратын тұстың көлеңкелі жақтарының қорытындысын шығару.Ұстаздардың әдістемелік бірлестігі  ұстаздардың  шығармашылық табыстарын орталықтандыру, жетістіктерін шоғырландыру үрдісін құру,жағымды тұстарды жинау, әс-әрекетті  ынталандыру. Оқу тәрбие жұмысында жаңа технологияны меңгере отырып саналы білім берілді тар  әдістемелік бірлестігі өз жұмысын бекітілген жоспарға сай атқаруда. Тамыз айында ӘБ кеңесі өтіп, өткен оқу жылына сараптама жасалып, жетістіктеріміз бен  кемшіліктеріміз сараланды.ӘБ мүшелері тағайындалды. Осы оқу жылында алға қойған  мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қабылданды.  Апталық,ашық сабақтардың өткізілу жоспары талқыланып бекітілді. Бастауыш сынып оқытушыларының курстарға бару  кестесі  қойылды.

«1-қыркүйек –Білім күні» салтанатты жиыныны мерекесіне оқушылар толық қатысты. «Кел, балалар оқылық» тақырыбы бойынша барлық сыныптарда жоспарланған сабақ өтті.”Тілім менің –тірлігімнің тірегі» атты апталық өтті.қазақ тілі мен орыс тілі,ағылшын тілі пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен өтті. Аудандық,облыстық олимиадаға мектебіміздің 4-6 сынып оқушылары қатысты.Жақсы көрсеткіштер көрсетті.

I жартыжылдықта бастауыш сыныптар арасында, «Арайлы алтын күз!» ойын-сауық ертеңгілігін, «1001 мақал,101 жұмбақ» интеллектуалдық ойынын,  «Кім жылдам?» викторина шешу ойындары ,  «Жүзден жүйрік,   мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайыстары өтіп,әр оқушының алған білімдері сарапқа түсті. Нәтижесінде оқушылардың жеке бастарының қасиеттерін,мүмкіндігін дамытып,қабілеттерін зерделеп,ойларын жинақтай білуге,топта өзін көрсете білуге ықпал жасадық.Әр сынып өз дәрежесіне сай сұрақтарға  дұрыс жауап бере білді.Оқушылар ұтқыр ойлап,жүйелі сөйлеуге дағдыланды.

1-сынып мұғалімі Какимова.Т.Т « Тәрбие бастауы бесік» тақырыбында ашық  тәрбие сағатын өткізді. 3-сынып мұғалімі Утеулина Т.Қ. математика пәнінен «Сандарды 7-ге көбейту кестесі» тақырыбында 4-сынып мұғалімі Какимова Т.Т. 1-2 сынып оқушыларымен  танымдық сабақ өткізді. МАДС сыныбы мұғалімі Мұханова Р. математикадан  «7 саны мен цифры» тақырыптарында  ашық сабақтар өткізді. Жаратылсытану пәні бойынша « Топырақтың  қандай қасиеті бар атты ашық сабақ өтті. Өткізілген сабақтар ,өнеге сағаттары ӘБ кеңесінде талданып,жетістіктер  мен кемшіліктер айтылып отырды.

«1-желтоқсан –Тұңғыш Президент» күніне орай бастауыш сынып оқушылары елбасымыз Тұңғыш президент туралы фильмдер көріп,слайдтар арқылы елбасымыздың отбасы мүшелерімен таныс болды.

«Желтоқсан жаңғырығы», «16-желтоқсан –Тәуелсіздік күні» атты мерекелік бағдарламаларға , «Патриоттық әндер» тақырыбында өткен сынып аралық  сайысқа қатыстық.

25-желтоқсан күні 1-сыныптың Әліппемен қоштасу «Қош бол,сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігі  өте тартымды өтті. Оқушылар Әліппеден алған білімдерін жан-жақты көрсетіп,ән айтып,би билеп өнерлерін көрсетті.

Шағын орталық пен  МАДС-та жұмыс жоспар бойынша атқарылуда.

Әр сыныпта дарынды оқушылар іріктелінді. Ұстаздарымыз дарынды оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы даралық қабілеттерін қалыптастыруда түрлі жұмыстар атқаруда. Осы орайда оқушылардың ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар,ұжымдық жұмыстар ұйымдастырылып, пәндік апталықтар мен шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Сабақтарда ұстаздар жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді.

3-сынып мұғалімі Какимова.Т.Т. « Оқушылардың танымдық қызығушылығын  арттыру».

4 сынып мұғалімі Утеулина.Т.Қ « Оқушыларды халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбиелеу»  тақырыбы бойынша өз жобаларынын ұсынды. Жоба ӘБ кеңесінде талданып қабылданды. 3-сынып мұғалімі Өтеулина Т.Қ.  «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынын, қазақ тілі сабағынан «Етістік», 1-сынып мұғалімі Какимова Т.Т.ана тілі сабағынан «Тасымал ,Қызыл ту» ашық сабағын , МАДС мұғалімі Мұханова Р. тіл дамытудан « Қайырымды қоян», «Ұлттық ойын арқылы әуенді қозғалыс» тәрбие сағатын, 2-сынып мұғалімі Какимова.Т.Т Ана тілі сабағынан « Ана-өмірдің шуағы» ашық сабағын,шағын орталық мұғалімі Какимова Г. «Айналайын,ақ мамам» тәрбие сағатын, тіл дамытудан «Жабайы аңдар» ашық сабағын, 4-сынып мұғалімі Утеулина .Т.Қ  «Бастауышым-бал бұлағым!» ертеңгілігін өткізді.

Мектепшілік әз Наурыз мерекесіне де бастауыш сынып оқушылары белсенді түрде  қатысты.

Оқушылар білімін диагностикалау: бақылау жұмыстарын алу,тоқсандық жартыжылдық тестердің көрсеткіштерін салыстыру арқылы сапалы үлгерім пайызын көтеруде жоспарлы түрде жұмыстар жүргізу арқылы  мынадай  пайыздық көрсеткіштерге жеттік.

Политехникалық циклдағы пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлесе отырып оқушылардың дүниетанымдық ойлау, жан-жақты және шығармашылық қабілеттері дамытылды.Биылғы оқу-тәрбие жұмысы,ағымдағы  жылдық  сабақ  жоспары  құрылды,сабақтың мақсаттылығын ғылыми негізде құрылды. Оқушыларды адамгершілік, ұлтжандылық, экономикалық эстетикалық қасиеттерді бойына сіңіріп, политехникалық циклдағы  пәндер арқылы ізденімпаздық,шығармашылық істерге үйретілді.Ұстаздар сабақта  қазіргі заманға оқыту технологияларын,     педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде  жасалынған бағдарлама қолданды. Биылғы оқу жылын № 1 әдістемелік бірлестіктің отырысынан басталды. Тамыз айының 28 күні 2021-2022 оқу жылына арналған бірлестік мүшелерінің күнтізбе жоспарлары бекітілді. Алғашқы отырыста бірлестік мүшелері құрылды. Ә.Б. мүшелері алгебра,геометрия,   физика мұғалімі Маниаскар.Н,  Дене шынықтыру мұғалімі ЖАС Мман Айтмұратов.Ж ,Технология пәнінің мұғалімі Боқаев А.Б. География пәні   Берікбаева. Б,Биология,химия мұғалімі Сармантаева Л.Ж.  атты мұғалімдер жұмыс жасауда.

Сонымен бірге отырыста ашық сабақтар  отырыста оқылатын баяндама тақырыптары бекітілді. Ә.Б. отырысында жетекші сайланды. Оған әдістемелік бірлестік мүшелерінің жетекшісі Сармантаева Л.Ж. сайланды. Осы бірінші отырыста, мектеп директоры аудандық білім беру бөлімінің 2021-2022оқу жылы бұйрығымен таныстырды.

4-9 сыныптарында болатын ОЖСБ-дайындық жауапкершілікті ата-ана, ОЖСБ-ға дайындайтын пән мұғалімдеріне хабарлама жасады. Оқушыларды қыркүйек айынан бастап тест жұмыстарын алып,қорытындыларын шығарып отырды.Бірлестік мүшелерінің пән мұғалімдері  өз-ара сабақтарға қатысты.Жас мамандарға кеңес берді.  Дене шынықтыру мұғалімі Сармантаев С.А. 06.09.21 күні « Салауатты өмір салтын»насихаттауда,денсаулық фестивалін өткізді.  Математика пәні мұғалімі Мазанов М.Т. 27.11.21күні 8-сынып оқушыларымен алгебра пәнінен « Виет теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өз мәнінде өтті. Оқушылар топтық жұмыс жүргізді, тақырыпты толық меңгерді. 18.10.21 күні технология мұғалімі Боқаев А.Б. 5-сынып оқушыларымен «Ағашты көркемдеп өңдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте тартымды болды. Оқушылар ағашпен жақсы жұмыс істейтіндерін көрсетті. Жаңа оқу жылының басында пән мұғалімдері өздерінің сабақ  беретін сыныптарында оқушылардан қайталау тест, бақылау,диктант жұмыстарын алды. Осы бірінші тоқсанның аяқталуына байланысты пән мұғалімдері оқушылардан диктант,бақылау,тест жұмыстарын алды. Нәтижесі жаман емес, әсіресе 9-8-7-6 сынып оқушыларының білім көрсеткіштері жақсы болды. Тоқсан аяғында  алынған бірлестік мүшелері тоқсандық бақылау,тест,диктант жұмыстарының қорытындыларын өтілген ашық сабақтарды отырыста талдап,қорытынды жасалды.  Қараша айының 06-07 күндері мектепшілік олимпиада  болды. Олимпиада екі айналымнан өтті. Математика пәні мұғалімі Мазанов М.Т. әр сыныптан олимпиада жұмыстарын алды. Сонымен бірге Биология пәнінен де олимпиада өтті. Биология пәнінен « Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы» тақырыбында 7-сыныпта ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып өз білімдерін көрсетті. Жоспар бойынша ашық сабақтар өтті. 1-желтоқсан  Президент күніне байланысты апталықтар, өнеге сағаттары өтті. 16-17 желтоқсан күніне байланысты « Патриоттық әндер» сайысы  ұйымдастырылды. 3-сынып оқушылары « Жас Қыран» қатарына  6-сынып оқушылары « Жас Ұлан» қатарына өтті. Жаңа жыл мерекесіне арнап әр сынып оқушылары  әр түрлі ертегі кейіпкерлерін, ақшақар мен аяз-атаны , биылғы қой жылын қардан сомдап,балаларға сырғанақ жасады.  Дене шынықтыру мұғалімі Айтмұратов Ж. оқушылармен бірігіп мұз айдынын жасады.  28.01.2022ж информатика пәнінен  «Компьютерлік графика түрлері» тақырыбында 7-сыныпта ашық сабақ өтті. Сабақ өте тартымды, оқушылар қызығушылықпен топтық жұмыстар жүргізіп өз білімдерін көрсетті.  География пәнінен  «Ауадағы су буы, бұлттар атмосфералық жауын шашын»  тақырыбында 6-сыныпта ашық сабақ өтті. Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар топпен,картамен жұмыс жасады. «Ұлы Жібек жолы ның ролі» 7 сынып Боқаев .А тарих пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақ талданып ,кемшіліктер мен жетістіктері айтылды.23.12.21ж Маниаскар.Н «Ғажайып математика » атты 5-6 сынып арасында сайыс сабақ өтті. «Гүлдене бер Қазақстан» 5-9 сыныптар арасында  аптылық болды.3 тоқсанда 7 сыныпта 01.02.22 ж Есентаева.М орыс тілі пәнінен  «Наклонение глагола» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.Сабақ өте қызықты  өтті.Сабақ барысында жаңа әдіс –тәсілдер кеңінен қолданылды.Технология  пәні бойынша Какимова.Г.М 9 сыныпта «Түрлі  түсті  және фактуралы тоқыма  материалдарын зерттеу » атты тақырыпта практикалық сабақ өтті.02.02.22ж      8 сыныпта биологиядан «Гиопдинамия . Сымбаттың бұзылуы және  жалпақ табандықтың пайда болу себептері» атты ашық сабақ өз мәнінде өтті.

6 сыныпта Маниаскар.Н «Бір айнымалымы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі» деген тақырыпта ашық сабақта оқушылар сабақта белсенділік танытып отырды. « Tvavee and sport» 01.04.22ж 9 сыныпта ағылшын пәнінен Шәкәрім.А жаңашыл  сабақ өтті.Т.Ақтан «Күй маңызы» 06.04.22 ж Қабаева.А қазақ әдебиеті пәнінен болды. «Ертегілер елінде»1-2 сынып арасында  танымдық сабақ өтті.Сабақ барысында оқушылар  кейіпкерлерді сомдап  актерлік шеберліктерін таныта білді. 07.04.2022 ж 4  сыныпта «Первые путешественники в космос » атты тақырыпта орыс тілінен Есентаева .М ашық сабақ өтті .Оқушылар сабақ барысында еркін сөйлеп , білімдерін көрсете білді.Сонымен қатар әдістемелік жетекшілер сабақтарға қатысып сабақтарға талдау жасап отырды.19 мамыр күні 4 сынып оқушыларымен «Қош бол бастауыш » қоштасу кеші өтті.оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.Ата-аналар ізгі тілектері айтып алғашқы ұстаздарына  рахметтерін айтты.25 -мамыр күні 9 сынып түлектерімен соңғы қоңырау кешінде түлектер қоштасу әндерімен және қоштасу вальсін биледі.

 

 

 

Мектеп директоры:                                                    Бахшиева.Г.Қ

 

Дайындаған:                                                                                                  Какимова.Т.Т

Новости