back-image
КММ "Жаңаталап" ЖББМ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КММ "Жаңаталап" ЖББМ
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
01-04-2024 20:50
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты бірінші сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған»,- деп атап өтті орта білім Комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
@buharjirau_raioo
@umckrg
@oobukhar_jirau

"Жаңаталап жалпы білім беретін мектебі"КММ (@zhanatalap_jbbm) • Фото и видео в Instagram

Новости