5 желтоқсан күні "Көкпекті ЖББМ КММ-де "Мектеп және отбасының ынтымақтастығы -білім беру сапасын арттыру негізі" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың бірінші бөлімінде ата-аналарды жылы психологиялық орта құра отырып, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, пән мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиналыстың екінші бөлімінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында 1-4 сыныптарда: Салауатты тамақтану әдістерін қалыптастыру; 5-9 сыныптарда: Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион; 10-11 сыныптарда: Үйден тыс тамақтану тақырыптарында ата-аналарға ақпараттар, кеңестер беріліп бірлескен жұмыс атқарылды.
"Мектеп және отбасының ынтымақтастығы -білім беру сапасын арттыру негізі" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы