back-image
КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Организации> КГУ "Байкадамская общеобразовательная школа"
Мектеп психологтың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмысына сараптама
13-01-2023 12:23
Мектеп психологтың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмысына  сараптама

Мектеп психологтың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмысына

сараптама

Мақсаты:  Психолог мұғалім психологиялық дамуында   ауытқуы бар балаларға білім беру бағдарламасы мазмұнын менгеруіне арнайы көмек көрсету.

Міндеттері:
 1.Балалардың даму деңгейін диагностикалау және оқудағы үлгермеуінің себебін анықтау.
2.Баланың жалпы даму деңгейін көтеру мақсатында жеке және топтық түзету дамыту сабақтарын жүргізу.
3.Жаңа оқу материалын қабылдау мен меңгеруге бағытталған дайындық.
4.Баланың дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен және педагогтармен кеңес.
5.Жекеленген және топтық коррекцыялық сабақтардың тиімділігін арттыру үшін дидактикалық материалдар жиынтығын құрау.

Арнайы білім беруұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы ” Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сүйене отырып мектепшілік даму мүмкіндігі тежелген балаларға арналған 2022-2023 оқу жылына жоспар құрылды.

Белгіленген арнайы жоспарға сәйкес мектепшілік тізім құрылып,мектеп директорымен бекітілді.

Инклюзивті білім берумен қамтылған оқушылар тізімі

 

Аты -жөні

Туған күн

Сыныбы

ОПМПК тұжырымдамасы

 

1

Садыкова Фариза Рапбековна

19.07.2011

6

Легкая  умственная отсталость

2

Озеров Захар

26.09.2013

4

Легкая  умственная отсталость

 

3

Исабаев Нур Аянович

16.05.2006

10

Соблюдение зрительного режима,примениеукрупненного шрифта, преобразованных изображений доступных для зрительного восприятия,усиление освещенности рабочего места ребенка (настольная лампа), применение тифлотехнических средств.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектептегі ОПМПК тұжырымдамасы бар балаларды есепке алу жұмыстары ұйымдастырылып,оқушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.

   Мектеп мұғалімдерінен психологтың көмегін қажет ететін оқушыларға арналған  сұраныс парағы таратылып,оқушыларды қабылдау туралы сұраныс парақтары алынды.

   1-5 сынып оқушыларының балаларын зерттеп,психологтың көмегін қажет ететін балаларды анықтаужұмыстары аяқталынып,оқушылар нақтыланды.

   Балаларды қабылдауға арналған психологтың сабақ кестесін құрылып,бекітілді.

   Балалардың келген және кеткен күндерін белгілеуге арналған журнал бастап,оқушыларды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

            Әр балаға жеке дамыту бағдарламасы жасалынды.

Коррекциялық дамыту бағдарламасы 7 бағыт бойынша жүргізілді:

1.Ойын әрекетін дамыту.              

Мақсаты: ойын туралы түсінігін қалыптастыру.

2.Сөйлеу тілін түсінуін дамыту.

Мақсаты: қарапайым фразаларды түсінуге үйрету.

3.Қарым-қатынасты және тәртіпті түзеп,орнату.

Мақсаты: баланы қарым-қатынасқа түзеу, тәртібіндегі жағымсыз жақтарын алдын алу және жою.

4.Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты: жеке гигиена заттарын суреттен тануға, көрсетуге, атауға үйрету.

5.Жақын қоршаған әлем заттарымен таныстыру.

Мақсаты: тұрмыстық заттар мен олардың белгіленуі туралы білімдерін кеңейту.

6.Өзіне – өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты: Өзіне – өзі қызмет етуге үйрету;

7. Ұсақ моторикасын дамыту.

Мақсаты: Саусаққа арналған жаттығулар жасауға үйрету.

    Оқушылардың сенсорлы эталонын дамытуға арналған жаттығу жұмыстарын жүргізілді («Геометрияляқ фигуралар» ойыны).

Сабақ кестесі бойынша әр оқушымен жеке түзете- дамыту сабақтарын жүргізу.

 Жазбаша жұмыстарын орындау арқылы ұсақ моторикасын дамыту жұмыстары («Сиқырлы қалам») ойыны жүргізілді.

            Кеңістікте,уақытты бағалауын дамытуға арналған жаттығулар («Сиқырлы қорап» ойыны) жүргізілді.

            Әлеуметтік желіге мұғалімдерге "Бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар" атты тақырыпта бейнеролик жолданды.

           Оқушылардың жазу колиографиясын түзетуге арналған диктант алынды.Тақырыбы: (Менің отбасым) 

              Есте сақтау мен логикалық ойлауын дамытуға арналған жаттығулар («4-ші артық» ойыны) жүргізілді.

              Оқушылардың ата-аналарымен "Менің балам қандай?" атты тақырыпта әңгімелесулер жүргізілді.

     Тұрмыстық заттармен олардың белгіленуі  туралы білімдерін кеңейту жаттығулары («Көкеністер», «Киімдер») әдістемесі 

     Оқушылармен сурет салу және қолдың ұсақ моторикаларын дамытуға арналған жаттығу жұмыстары («Талып қалды қолымыз» ойыны).

  «Мен өскенде кім боламын?»  шағын эссе жазғызу

  Әр баламен жасалынған жұмыстардың мониторингтерін жасап сынып жетекшісімен  таныстыру

 "Ана өмірдің гүлі" суреттер байқауы

 Оқушыларға « Еңбек ер аттандырады» атты тақырыпта шығарма жазғызу

           Балалардың  ата-аналарымен кездесулер ұйымдастыру

 Сауалнама алу

Сөйлеу тілін  дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді (сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрастыру

Қолдың ұсақ моторикасымен қатар ойлау әрекетін дамытуға арналған жаттығулар ( жіпке моншақтарды тізу)

Оқушылардан «Мен өскенде кім боламын?»  атты тақырыпта шағын эссе алынды.

         «Ертегілер еліне саяхат» ертегінің мазмұнын айтып үйрену

Әр балаға мониторинг,диагностикалық карта толтыру

I жарты жылдықты қорытындылау

Жылдық жұмыстың қорытындысы

Ұсыныстар:

  1. Мектепшілік педагогикалық-психологиялық консилиум қызыметін ұйымдастыру.
  2. Ата-анамен жұмысты жандандыру.
  3. Мұғалімдермен жұмысты жандандыру.
Новости