back-image
"Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ
Организации> "Сарытөбе негізі орта мектебі" КММ
«Мектебім-мейірім мекені!»
01-09-2023 09:48
«Мектебім-мейірім мекені!»

2023-2024 оқу жылының 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені!» атты салтанатты жиын  болып өтті. Салтанатты шарада мектеп директоры Ахатаева Гүлім Балкенова  барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1- сынып оқушыларын 1-қыркүйек Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған жаңа өмірге қадам жасаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Балғын балалықпен қош айтысып, мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Салтанатты іс-шараға қонақ ретінде Көкпекті ауылдық округінің әкімі   Досмаков Айдын Төлеуханұлы  келіп оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.

Новости